Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жастар тәрбиесі имамдар назарында
17 сәуір, 2019 жыл 7 Басып шығару нұсқасы

 

Жастар жылы аясында Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің имамы Мейрамбек Әбдірахмановтың бастамасымен жастармен жүргізілетін шараға басымдылық берілуде. Мешіт имамдары жастар өкілдерімен жиі бас қосып, елдегі бірлік пен ынтымақтың берік болуына, жастардың тәрбиесіне көңіл бөліп жүр.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен «Жастар және жастардың рухани келбеті» тақырыбындағы бірлескен идеологиялық бағыттағы шараға Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешіттің наиб имамдары Н.Убаев пен М.Мұханғалиев қатысып, ашық сұхбат алаңын құрды. Кездесу барысында жастардың рухани келбеті, тәрбиенің маңыздылығы мен имандылық тақырыптары кеңінен қозғалды. Жиынды қорытындылаған Наурыз Убаев жстарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрді ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, өз туыстары мен отандастарына ілтипат көрсетуі үшін кез-келген қоғамда адамгершілік құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс екенін атап өтті. Дәстүрлі ислам дініндегі ата-дәстүрімізбен ұштасып жатқан адамгершілік құндылықтар туралы айта келіп, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, ұят сынды ең маңызды қасиеттерді  сипаттап берді.

Ал өткен сенбі жастар жылын негізге ала отырып татулықты насихаттау, бірлік пен бауырластықты күшейту мақсатында мешітте сауат ашу курсында дәріс алып жүрген шәкірттер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары