Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: «Орбита-3» мешітінде наиб имамдардың семинары өтті
18 сәуір, 2019 жыл 8 Басып шығару нұсқасы

 

Бостандық ауданына қарасты «Орбита-3» мешітінде, Алматы қаласы мешіттерінің наиб имамдарының қатысуымен, «Уағыз-насихаттағы заманауи әдістемелер мен жаңа шыққан пәтуалар» атты тақырыпта білім семинары өтті.     

Бұл семинардың мақсаты – мешіт қызметкерлерінің, соның ішінде наиб имамдардың білім мен біліктілік деңгейін арттыру, жамағатпен көркем мәміледе қарым-қатынас жасау, сондай-ақ уағыз-насихаттағы заманауи әдістемелерді игеру және ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінде қаралып, шариғат және пәтуа бөлімі шығарған жаңа үкімдермен танысу болды.

Шараны Бостандық ауданының бас имамы Әсет Аташев сөз сөйлеп ашып, кезекті ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлына берді.

Өкіл имам өз сөзінде дін ісінің – мешіт имамдарына аманат екенін, бұл жүкті көтеру үшін шынайы ықылас пен ыждағаттылықтың керек екінін айтты. Сондай-ақ, бүгін ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығына тоқталып, имамдардың қоғамдағы рөлі мен діни қызметкердің міндеттеріне тоқталды. 

Шараны «Орбита-3» мешітінің наиб имамы Ернар Мәжен жүргізіп отырды.

Семинарда білікті мамандар дәріс оқып, өздерінің мол тәжірибелерімен бөлісті. 

Атап айтқанда, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Жүсіпбеков Жасұлан  «Ханафи құқығындағы пәтуа мәселелесі» туралы айтса, аталмыш оқу ордасының тәлімгері Жамашев Азамат «Сахих хадистермен амал ету» жайында сөз қозғады. Ал, ҚМДБ-ның халал стандарттау бөлімінің қызметкері Бауыржан Әлиұлы ҚМДБ-ның жаңа шыққан пәтуалары туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, Д.Қонаев мешітінің бас имамы Күлсімақов Мейіржан уағыз-насихаттағы заманауи әдістемелердің қыр-сырын үйретті.

Сонымен қатар, қоғамдық даму басқармасының қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Қабылбеков Самат «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы имамдардың рөлі» атты тақырыпта пікір алмасты.

Шара соңында өкіл имам семинарға қатысқан наиб имамдарға діни қызметте сәттілік тілеп, үлкен сеніммен білім сертификаттарын табыстады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары