Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шырақшылар сынақ тапсырды
19 сәуір, 2019 жыл 24 Басып шығару нұсқасы

Шырақшы – әулиелердің мазарын қорғап, зияратшыларға қызмет көрсетуші адам. Алайда кей шырақшылардың діни сауатсыздығының салдарынан зиярат етіп жүрген адамдар бұрыс ақпарат алып, адасуға кетіп жатқаны жасырын емес. Осы орайда, Дін істері басқармасы мен ҚМДБ шырақшылардың діни сауатын арттыруды қолға алуда. Айта кетер болсақ, бүгінде Жамбыл облысында туризм саласы дамып келеді. Демек, көпке әйгілі, «Айша бибі», «Қарахан», «Тектұрмас», «Дәуітбек, «Даңғыл ата», «Бабаджа Хатун», «Сыпатай батыр», «Дулат баба» сынды кесенелерге ағылған жұрттың қарасы көп. Еске салар болсақ, бірнеше айлар бұрын «Һибатулла Тарази» мешітінде шырақшылардың сауатын ашу семинары жүргізілген болатын.

Ал бүгінгі ауқымды жиында Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров еліміздің тарихи орындарына білімді мамандардың қажет екендігін тілге тиек етіп, қонақтарды қарсы алу, қызмет көрсету, дұрыс мағұлмат беру, қызметкердің жұмыс орында уақытылы болуы, киім этикасы сынды дүниелердің маңызды екенін жеткізді. Осы мақсатта шырақшылар емтихан тапсырып, зиярат орнының тарихы, Құран оқу және діни сауаты жағынан сыналды. Ал облыстағы зиярат орындарындағы шырақшылардың білім деңгейін анықтау үшін арнайы құрылған комиссия құрамында Жангелді Омаров, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Бықыбаев, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Ақбай, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек, "Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының бөлім басшысы Нұрлан Абельдинов болды.

Қабір басында оқылатын сүрелер, қабірді зиярат етудегі мәкрүх амалдар, қорымның ішінде жүру әдептері, қабірге қарап намаз оқуға бола ма сынды сауалдардан тұратын аттестациялау барысында ел қамы үшін қызметте сауатты болуға баса назар аударылып, қорытынды шығарылды.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары