Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университетінде Ашық есік күні өтті
22 сәуір, 2019 жыл 21 Басып шығару нұсқасы

Биыл жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны сәуір, мамыр айларына  ауысқаны белгілі. Осыған орай Нұр-Мүбарак университетінде арнайы «Ашық есік күні» жарияланды. Негізгі мақсат жұртшылыққа биылғы қабылдау ережелері туралы толыққанды ақпарат беру және Нұр-Мүбарак университетіндегі артықшылықтар мен талаптармен таныстыру.

Ашық есік күніне келген талапкерлердің де сұрақтары сан алуан болды.  Оларға университеттің Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев бастаған білікті мамандар жауап берді. Қабылдау науқанына қатысты бірнеше жылдық тәжірибесі бар Мұратхан Мехмет исламтану, дінтану салаларындағы айырмашылық, қысқартылған топқа қатысты шарттар немесе екінші жоғары білім алудағы талаптар жайлы  жан-жақты түсіндірді.

Мемлекеттік білім грантына ие болудың талаптары, ақылы бөлімде оқудың ерекшелігі, «жатақхана кімдерге беріледі, отбасылылар үшін жатақхана қарастырылған ба?» деген сынды сауалдармен қатар шетелде білімді шыңдау мәселесі де қамтылды.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша биыл ЖОО-ларға құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, 10 мамыр күні аяқталады. Осыған орай дәл қазір Нұр-Мүбарак университетінде де талапкерлерден құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары