Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақжайықта Құран жарысы өтті
23 сәуір, 2019 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

Бөрлі ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен, Бөрлі аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Құран кәрімді» мәнерлеп оқудан VIII республикалық құран жарысының БҚО бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Айтулы іс-шара ауданның орталық мешіті саналатын Ақсай қалалық мешітінде өтті. Құран сайысына облыстың түкпір-түкпірінен өтініш білдірген мешіт жамағаттары мен шәкірттер қатысты. Жарысқа ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаев, Орал облыстық орталық мешітінің ұстазы Ринад Әкімов төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады. Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша ІІІ орынды маңғыстаулық Әсет Сәрсенов, ІІ орынды ақжайықтық Ерлан Айтенов, ал доданың бас жүлдесі оралдық Шаман Оралханға бұйырды.

Ш.Оралхан сәуір айында Алматы қаласында өтетін республикалық жарыста өңір намысын қорғайтын болады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары