Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: Имамдар мен ұстаздарға жаңа пәтуалар таныстырылды
23 сәуір, 2019 жыл 35 Басып шығару нұсқасы

Аптаның алғашқы күні «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қожамұратов Елбек ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінен берілген арнайы тапсырмасына орай облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің пәтуаға жауапты имамдарына соңғы уақыттарда ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен жаңа пәтуалар мен нұсқауларды таныстырды.

Келесі кезекте мешіттердегі «Әйелдер-қыздар секторына» жауаптылар мен әйел ұстаздарға  аталмыш семинар жүргізілді. Семинар барысында 2019 жыл шыққалы жаңадан бекітілген «Жасанды кірпік және тырнақ жалғаудың үкімі», «Хайыз кезде құран оқу үкімі», «Тіске пломба немесе қаптама салу үкімі», «Харам затты сатуға бола ма?», «Кесілген дене мүшелерін жерге көму үкімі», «Пойызда, ұшақта және қатынас көліктерінде намаз оқу үкімі» қатарлы көптеген пәтуалар толығымен таныстырылды.

Имамдар мен ұстаздар жаңа пәтуалармен танысып, кейбір сұрақтар бойынша толық жауабын алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары