Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Мәскеу емханаларында намазханалар ашылуда
23 сәуір, 2019 жыл 22 Басып шығару нұсқасы

Таяу уақытта Ресей астанасындағы емханаларда мұсылмандар үшін құлшылық ететін қосымша бөлмелер саны екі есеге артатын болады. Бұл туралы «Мәскеу» жаңалықтар агенттігіне қала мүфтиі Ильдар Аляутдинов мәлімдеді.

«Бүгінгі күнде Мәскеуде 10 емдеу мекемесінде көпконфессиялы бөлмелер бар. Жекелеген бөлмелер құлшылық етуге арналған. Наурыз айының соңында Н.Блохин атындағы онкологиялық орталықта құлшылық бөлмесі ресми түрде ашылды. Ал кеше Мәскеу наркология ғылыми-практикалық орталығында намазхана ашылып, оның бір бөлігі – ерлерге, бір бөлігі – әйелдерге берілді. Келесі аптада мінәжат бөлмесі Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар денсаулығы – Ұлттық медициналық зерттеу орталығында» ашылады. Таяу жылдары емханалардағы намазханалар санын көбейті жоспарлап отырмыз. Егер қоғамнан қажеттілік туса біз медициналық мекеме басшыларымен келісе отыра намазханалар санын екі есеге дейін көбейтуге дайынбыз» дейді мүфти.

Ильдар Аляутдинов ауруханалардағы намазхана бөлмелері емделушілердің өтініштері бойынша ашылып жатқанын атап кетті. Сондай-ақ Мәскеу мұсылмандары діни басқармасы емдеу клиникаларында тек намазхана ашумен шектелмей, имамдардың тұрақты түрде сол жерлерде қызмет етуіне мүмкіндік жасап келеді. Дін қызметкерлері емханадағы намазханаларға бірнеше сағатқа өтініштер негізінде келіп дәріс өтеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары