Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе: Жас зияткерлер сынға түсті
25 сәуір, 2019 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

Кеше ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр-Ғасыр» мешітінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің кубогы үшін жас жамағат арасында «150 жылдыққа – 150 сұрақ» атты зияткерлік сайысы өтті.

"Жастар жылына" және "Ақтөбе қаласының 150 жылдық" мерейтойына орай өткізілген бұл байқаудың бұған дейін 2 іріктеу кезеңі өтіп, 60 үміткердің ішінен бүгінгі сайысқа 8 жас жолдама алған болатын.

Бас демеушісі – Ақтөбе қаласының әкімдігі болған бұл байқаудың мақсаты: жас жамағаттың төл тарихымызды зерделеу, ұлттық санамызды жаңғырту, Ислам құндылықтарын бойына сіңіру, тәлімі мол салт-дәстүрлерімізді қайта түлету, Туған өлкемізді зерттеп-тану бағытындағы зейінділігі мен зияткерлік әлеуетін саралап көрсету болды.

Байқауға наиб мүфти Алау Әділбаев бастаған әділқазылар: ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Алтай Тайжанов, Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Елеусіз Нұрғалиев төрелік етті.

Байқауға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің, «Досжан Хазрет» және «Әл-Латиф» мешіттерінің жас шәкірттері қатысты.

 

Байқаудың нәтижесі бойынша Ақтөбе облыстық орталық «НұрҒасыр» мешітінің жас жамағаты М. Ақмырза І орынды жеңіп алып, қомақты жүлде – 300 000 теңгені қанжығасына байлады. ІІ орын – 200 мың теңге жүлдесімен Ақтөбе қалалық орталық мешіті атынан шыққан А. Көпбергенұлына, ал, ІІІ орын – 100 мың теңге жүлдесімен «НұрҒасырдың» жас жамағаты Ш. Ердосқа бұйырды.

Сондай-ақ, ынталандыру сыйлығына ие болған жастардың әрқайсысына 50 мың теңгеден берілді. Жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттауға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов арнайы келіп, жастарға ақ жол тіледі.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары