Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак пен ERCIYES университеттері арасында меморандум жасалды
25 сәуір, 2019 жыл 25 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев Түркияға барған іссапарында Кайсери қаласындағы Erciyes университетімен меморандумға қол қойды. Осы құжат негізінде енді екі университет арасында академиялық ұтқырлық жобасы бойынша студенттер алмасу, оқытушылар мен ұстаздардың білімін жетілдіру, т.б. әріптестік жобалар бойынша жұмыстар жасалмақ.

Erciyes университеті – Түркияның «Ең үздік – 20 ЖОО» тобына кіретін ең беделді мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі. Ал әлемдік деңгейде ең танымал университеттердің 5% құрамына кіреді. Кайсери қаласында орналасқан университеттің негізі 1978 жылы қаланған. Бүгінде 34 мың студент білім алады, оқытушы-профессорлар құрамы  2000 ғалымды құрайды. «European University Association (EUA)» жүйесіндегі университеттер қатарында.

Әлемдік деңгейде беделі бар университетпен меморандум арқылы әріптестікке жол ашу – Нұр-Мүбарак университетінің дәрежесін аңғартса керек. Сондықтан университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев бұл әріптестік болашақта өз жемісін береді деген сенімін білдірді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары