Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматыда VIII республикалық ҚҰРАН жарысы өтеді
25 сәуір, 2019 жыл 180 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-27 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы Алматы қаласы Орталық мешітінде, ал жарыс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау кеші 28 сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрында мәдени бағдарламамен өтеді. Жарыс 26 сәуір күні жұма намазынан кейін басталады.  


Республикалық жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда өткен Құран байқауының Іріктеу сайыстарында топ жарған 69 қариымыз қатысады.
Олар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша өзара бақ сынайды.          
Жарыста қарилардың Құранды жатқа айтуы мен тәжуидпен (қағидаларымен) көркем оқуына баса мән беріледі.
26-27 сәуір күндері Алматы қаласы Орталық мешітінде Құран байқауында сынақтан сүрінбей, өзін жақсы қырынан көрсеткен, сөйтіп жүлделі орындарға ие болған жеңімпаз қариларымызға автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.  


Өтетін уақыты: 26-28 сәуір күндері
Өтетін орны: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі – 16.

+7 778 332 59 31, aom-baspasoz@mail.ru   

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары