Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Облыс әкімі ақтөбелік имамдармен кездесті
25 сәуір, 2019 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Кеше Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жергілікті имамдармен кездесу өткізді. «Дін – тұрақтылық кепілі» тақырыбындағы басқосуға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі А.Әділбаев қатысты. Кездесуде имамдардың діни сауаттылығын ұдайы арттырып отыру, іс-тәжірибесін жетілдіру сынды мәселелермен бірге, өңірдегі діни тұрақтылық ахуалы талқыланды.

«Өңірдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде ҚМДБ қызметкерлерінің атқарып отырар рөлі зор. Облыстағы 67 мешітте 104 діни қызметкер жұмыс жасауда. Олардың жалақы мәселесі қоғамдық қорлар мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен шешіліп отыр. Қазіргі таңда дін саласы мамандарының сапалық көрсеткіші де артқан. Алдыңғы жылдары жоғары білімді қызметкерлер 43 пайызды көрсетсе, бүгінде бұл көрсеткіш 70 пайызға өскен. Бұл қуанарлық жағдай. Ел үлесі пәтерге акциясын сәтті ұйымдастырып, облыстағы мұқтаж отбасыларға баспана алып берудесіздер. Бұл үшін алғыс білдіремін», - деді облыс басшысы Оңдасын Сейілұлы.

2018-2019 жылдары әкімдік тарапынан өңірде 5 мешіттің құрылысы жоспарланған болса, соңғы жартыжылдықта 2 мешіт ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады.

2018 жылы «Ислам және Отбасы» жылы аясында өкілдік 624 отбасыға қайырымдылық көмек көрсеткен. Оның ішінде 20 миллионнан астам қаржылай, 17 тоннаға жуық азық-түлік таратқан.

Өткен жылы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Ақтөбеге келген сапарында ҚМДБ, Ақтөбе облысының әкімдігі және «Уақып» қоры арасындағы үшжақты меморандумға қол қойылды. Осының нәтижесінде ақтөбелік имамдарды тұрғын үймен қамту, әлеуметтік қолдау мәселелері оң шешімін тауып келеді.

Аталмыш кездесу барысында наиб мүфти Алау Шайқымұлы өңірде имандылық бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жергілікті имамдардың біліктілік деңгейіне жоғары бағасын берді.

Өз кезегінде өкіл имам Төлеби Оспан өңірдегі діни ахуалдың тұрақты екенін, мешіттердің имамдармен және діни қызметкерлермен толық қамтылғанын атап айтты. Сондай-ақ, облыс әкіміне өкілдік жасаған "Діни рәсім" атты мобильді қосымшаны таныстырды. Жаңа бағдарлама – халықтың діни рәсімді атқару барысында ресми имамдардың қызметіне жүгінуін қамтамасыз етпек.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары