Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанай: Салт-дәстүр және діни рәсімдер
25 сәуір, 2019 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

Қостанайда «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты семинар болып өтті. Бұл жиында ҚМДБ төраға орынбасары А. Әділбаев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі С. Шоқанов, Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Укин, Қостанай облысының өкілі бас имам Б. Тәжімбет және облыс көлемінен ел ағалары ақсақалдар қатысты.

Бұл басқосудың мақсаты – жаназа және діни рәсімдерді бірізділікке түсіруді насихаттау, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу. Өткен 2018 жылы осы тақырыпта үлкен жиын болып, онда ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын басшылыққа алып, жаназаға қатысты бірнеше шешім қабылданған болатын.

Осы қабылданған шешім аясында атқарылған, қолға алынған жұмыстар бойынша Алтынсарин ауданынан Жандарбек Қарбенұлы, Ұзынкөл ауданы алқа мүшесі Кенесары ақсақал және Әулекөл ауданынан келген Қайдар Әбдірахманұлы сөз сөйледі.

ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы «Жаназа тақырыбына қатысты елді толғандырған мәселелерді, қазақ халқының қаза болған адамды жерлеу салттары шариғат қағидаларымен атқарылған және атқарыла бермек. Жерлеу рәсімі елімізде жалпылама бірдей орындалғанымен, кейбір аймақтық ерекшеліктер кездесіп тұрады. Біздің мақсатымыз – діни рәсімдердің атқарылуында кездесетін қарама-қайшылықтарды жойып, олардың орындалуын бірізділікке түсіру, жамиғатқа бірдей біріңғай үкімдерін жеткізу. Өйткені мұсылмандық діни рәсімдердің түп-негізі – шариғат үкімдері. Ал шариғат үкімдері жалпы мұсылман үмбетіне ортақ, екендігін атап өтті.

Осы жиын соңында «жаназа рәсімдеріне қатысты ұсыныстар айтылып, оны халық тарапынан қолдау тауып жатса алдағы уақытта нақты шешім ретінде бекітілетін болады»-деді Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы.

Бұл басқосудың соңында мәжіліске келген барша ақсақалдар мен қонақтар күн тәртібіндегі мәселені бір ауыздан қолдайтынын және оның өте маңыздылығына тоқталды.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары