Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағанды облысында жаңа мешіт бой көтерді
26 сәуір, 2019 жыл 36 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Жәйрем кентінде  жаңа мешіт бой көтеріп, ел игілігіне берілді. «Казцинк» ЖШС компаниясы және "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ акционерлік қоғамының демеушілігімен жасалынған бұл игілікті іс көпшілікті нұрлы шапағатқа бөледі.

Мешіт салу ең сауапты іс саналады. Ғимараттың салтанатты ашылуына Жәйрем кентінің тұрғындары мен қонақтар, иман жүзді жандар жиналып, шарапаты мол шараның куәсі болды. Жиынның басын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа Өзінің құттықтау сөзімен бастап, бата берді. Облыс бас имамының орынбасары, наиб имам Карсембай Дархан Асылтайұлы жаңа мешітте Құран оқып, дұға жасады. Ал сөз алған Жәйрем кентінің әкімі  Жиенбаев Сатыбай Тойымбекович барша ауыл тұрғындарын ақ түйенің қарны жарылған күнмен құттықтап, ақ жолдары әрдайым Алла үйіне алып келуін тіледі.  

Осындай игі іске үлкен демеушілік етіп, Алла үйінің Жәйрем жеріне салынуына себепші болған ЖШС «Казцинк» компаниясының директоры  Осындай игі іске үлкен демеушілік етіп, Алла үйінің Жәйрем жеріне салынуына себепші болған ЖШС «Казцинк» компаниясының директоры Хмелов Александр Леонидовичке, "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ акционерлік қоғамының  жетекшісі Бурковский Алексей Юрьевичке, «Казцинк» ЖШС адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы Уракбаев Жан Тимуровичке, ЖШС «Казцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директор Лазарев Андрей Павловичке,«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ-ның тұрақты даму жөніндегі атқарушы директоры Акимов Абилхан Касымовичке және Жәйрем мешітінің бас имамы Ақмағанбет Мурсали Қаленұлына облыс өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа алғыс хат табыс етті. Жәйрем қаласының көмекке мұқтаж отбасына пәтердің кілті табысталып, қуаныш иелеріне үлкен үлкен шаттық сыйлады.                                          

Дәстүрге сай, мешіттің лентасын қию рәсіміне Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ акционерлік қоғамының  жетекшісі Бурковский Алексей Юрьевич және Жәйрем кентінің ақсақалы қатысты. Ашылу салтанатынан соң, мешіт қабырғасында алғаш рет азан шықырылып, жамағат бесін намазын оқып, Жәйрем кентінің ақсақалдарының тарапынан бата берілді.

Салынған жаңа ғимарат сапалы әрі ыңғайлы жағдай жасалған мешіттердің қатарына кіреді. Себебі, мешіттің асханасы мен мәйітханасы және дәрет алатын орны да талапқа сай жабдықталған.

Мешіттің ашылу салтанатынан соң, облыс бас имамының қатысуымен  Алла үйінің ең алғашқы  некесі қиылып, облыс өкіл имамының орынбасары Карсембай Дархан Асылтайұлы кішкентай сәбидің тұсауы кесіп, бата берді.

Ашылу салтанатының соңында мешіттің асханасында өңірдің әр түкпірінен ат терлетіп арнайы келген қонақтар мен барша қатысушылар Құран бағышталып берілген астан ауыз тиіп, айтулы қуанышты күннің құрметіне орай ұйымдастырылған қазақтың ұлттық ойындарын тамашалады. Ақ дастархан басында жиналған қауым алдында Жәйрем кентінің бас имамы Қарағанды облыс өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлының иығына шапан жауып, Өзінің алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары