Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астана: «Сұлулық – көңіл айнасы» атты қайырымдылық мастер-класс өтті
26 сәуір, 2019 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

Заманауи қоғамда мұсылман ару – сүйікті жар, сыйлы ана және қоғамның белсенді мүшесі. Жүрген жерінде асыл дініміздің құндылықтарын амалымен насихаттап жүретін қыз-келіншектеріміз бұл жолы қайырымдылық мақсатта мастер-класс ұйымдастырды. «Нұр Астана» мешітінің ұстазы, «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева алғысөзінде заманауи мұсылман әйел образы жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ, аяулы аналарымызға отбасы ішінде де жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын күтінудің қажеттілігі айтылды. Сөз кезегін алған Жаннұр Төремұрат қатысушыларға бет күтімі мен әрлеуден мастер-класс өткізсе, шараның келесі қонағы Балғын Рысқалиқызы орамал тағудың сәнді үлгілерінен шеберлік сағатын жүргізді.

Сонымен бірге зәмзәм суы негізінде жасалған табиғи косметикалық өнімдердің таныстырылымы жасалып, қатысушылар арасында қызықты ойындар ойнатылды. Айта кетейік, шарадан түскен қаражат қайырымдылық мақсатта қолданылады.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары