Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Рант мүшесі Ақтөбе жамағатымен жүздесті
29 сәуір, 2019 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Осы аптада республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы Ақтөбеге арнайы келді. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында облыс орталығындағы мешіттердің жамағатымен жүздескен РАНТ мүшесі әртүрлі тақырыпта тағылымы мол уағыз айтты. Алдағы мамыр айының 6-сы күні басталатын Рамазан айының қадір-қасиеті, мұсылманның басты 5 парызының бірі – Ораза тұтудың сауабы жайында және имандылық тақырыбында жан-жақты, мазмұн-мағыналы әңгіме өрбітілді.

Кешегі қасиетті Жұма күні, 26 сәуірде, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітіндегі Жұма намазында 5500 мыңдай жерлесіміз Қабылбек Әліпбайұлының тағылымды уағызын тыңдады. Ал, одан бұрын Ақтөбе қалалық орталық мешітінде – 350, «Нұр-Дәулет» мешітінде – 1350 адам РАНТ мүшесінің уағызын тыңдаған болатын.

Жалпы, "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Нұрлы" ақпараттық-кеңес беру орталығы" ЖММ-нің ұйымдастыруымен өткен ұстаз уағызында жоспарға сәйкес, 7200-ге жуық адам қамтылды.

Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алған және Мысырдағы Әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат факультетін бітірген ұстазға жергілікті жамағат көкейде жүрген кейбір сауалдарын қойып, терең де тұщымды жауап алды.

Сонымен қоса, РАНТ мүшесінің «Ақтөбе-сервис» вагон депосының ұжымымен кездесуі ұйымдастырылды. Ал, 24-25 сәуірде орталық мешітте жеке кездесу жұмыстарын жүргізді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары