Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған: "Бір күндік медресенің" соңғы дәрісі болды
29 сәуір, 2019 жыл 100 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Талдықорған орталық "Иман" мешітінде "Бір күндік медресе" дәрістерінің жабылуы болып өтті. Соңғы дәріс жиналған 70 тыңдаушыға ораза ұстау және оразаға байланысты кейбір мәселелер бойынша сұрақ-жауаптар форматында өтті.

Талдықорған орталық "Иман" мешітінің наиб имамы Өкен Шынарбек медресе тыңдаушыларын дәріс алған осы жетістікте ғана тоқтап қалмауға шақырды:


"Құрметті тыңдаушылар! Асыл дініміз Исламды үйренуде бұл 1 айлық дәрістермен ғана шектеліп қалмаңыздар. Исламдағы білім үйренуде бірінші сатымыз ғана деп қабыл алғайсыздар. Бұдан кейін Құранды үйренуге ниет етіп қойыңыздар да және соған жетуне тырысыңыздар. Алған білімдеріңізді жақындарыңызға, туыстарыңызға жұмсақ түрде жеткізуге ұмтылыңыздар. Сонда ғана қасиетті дініміздің туы биік болатынына күмән қалмау керек",- деді.


Естеріңізге сала кетейік "Бір күндік медресе" жобасы дінде жаңа қадам басқан жанарға  арналған. 


"Медресе" бітірушілерге оразаға байланысты кітапшалар және "Мұсылманның тұлғалық бейнесі" атты кітап таратылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары