Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Хасеки академиясында 2019 жылғы түлектердің бітіру кеші өтті
30 сәуір, 2019 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

Жуырда Түркияның Кайсери қаласында Түркия дін істері басқармасы, Кайсери діни жоғарғы білім беру орталығында (Хасеки академиясында) 2019 жылғы түлектердің бітіру кеші өтті.

Аталмыш оқу орнында түріктермен бірге 14 Қазақстандық студенттер де оқуларын тәмамдап, дипломдарын алды. Естеріңізге сала кетейік, осы оқу орнында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жолдауымен 40  шақты студент білім алып жатқан болатын.

Биыл сол студенттердің жартысы оқу бітіріп, елге қызмет қылуға жол тартты. Бітіру кешінде оқу орталығының директоры доктор Абдулқадыр Қабдан мырза қазақ студенттерінің 3 жылда жақсы білім алып, үлгілі шәкірт болғанын айтып, алдағы қызмет жолында табыс тілейтінін айтты.

Кешке сондай - ақ Қазақстаннан арнайы келген Нұр Мүбәрак Ислам мәдениеті университетінің проректоры, доктор Қайрат Құрманбаев та қатысып шәкірттердің түрік ғалымдарының қазақ студенттеріне диплом беру рәсіміне куә болды. Өз кезегінде түрік ұстаздар Қазақстаннан келген шәкірттерге дән риза екендігін айтып, аталмыш оқу орнының Қазақстанда да ашылуы керектігін ортаға тастады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары