Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорғанда Рамазанға қатысты брифинг өтті
30 сәуір, 2019 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Талдықорған қаласы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі залында 2019 жылғы Рамазан айының оразасына байланысты брифинг болып өтті. Брифингке ҚМДБ-ның Талдықорғаг өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсінханұлы және қалалық "Нұр" мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.


«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Орта Азия мүфтилер кеңесімен бірлесе отырып, биылғы 2019 жылғы Рамазан айының басталуы 6 мамырға дәл келетіні туралы шешім қабылдады» - дей келе өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы Рамазан айындағы оразаның тәртібі, пітір садақа мөлшері, ауызашар тәртібі және басқа да ораза қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.


«Барлық иісі мұсылман баласын қасиетті де құрметті айдағы ізгі істерді одан әрі күшейтуге шақырамын. Зиянды істерден, тұлға мен қоғамға залалы тиетін істерден қашық болуға, нағыз мұсылманның бойынан табылатын салиқалы амалдарды орындауға барлықтарыңызды шақырамын» - деді брифинг барысында өкіл имам.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары