Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жетісу жерінде тренинг өтті
30 сәуір, 2019 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу, рухани құндылықтарды жаңғырту және деструктивті діни ағымдарға қарсы күресу, әрбір Қазақстан азаматының рухани санасын жаңғырту, туған жеріне деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында қабылданған өзара келісім меморандумы аясында жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.


Кезекті жиын «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында Талдыкорған қалалық өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжімен Талдықорған қалалық Гуманитарлы-техникалық «Білім» колледждерінің білімгерлерінің қатысуымен өтті.


Кездесуге Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының мамандары мен Ескелді ауданының бас имамы және «Еркін» мешіттерінің бас имамдары Мұхаммед Ордыбай, Хадис Хумар қатысып, жастардың көкейтесті сауалдарына жауап берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары