Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ: БІРЛІГІМІЗ БЕН БЕРЕКЕМІЗ БАЯНДЫ БОЛҒАЙ
30 сәуір, 2019 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Серікбай қажы ОРАЗ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Құрметті отандастар!

Біздің еліміз мамырдың алғашқы күнінде Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесін айрықша атап өтеді. Бұл мереке күнінің маңызы айрықша. Адамзат тарихынан қай елде бірлік жоғалса, сол жерде жеңіліс болғанын білеміз. Бақыт пен береке ынтымаққа ұйысқан елде ғана баянды болады. Жаратушы Жаббар Иеміз қасиетті Құранда барша адамзат баласына:

«Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, ажырап бөлінбеңдер» («Әли-Имран» сүресі, 103-аят), – деп бұйырған.

Біздің жас тәуелсіз еліміз алыс-жақынның арасын жарастырып, діні бөлек діни көшбасшыларды бір дөңгелек үстел басына біріктірген бітімгер мемлекетке айналды. Қазіргі қоғамда қалыптасқан өзара құрмет пен сыйластықты нығайта түсу үшін барша азаматқа үлкен жауапкершілік артылады.

 

Қадірлі қауым!

1 мамыр – бірлік мерекесі құтты болсын! Алла Тағала бірлігіміз бен берекемізді баянды еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болғай! Әмин!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары