Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ЕЛОРДАДА ӘР КҮНІ ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ ЖАМАҒАТҚА АУЫЗАШАР БЕРІЛЕДІ (ФОТО)
30 сәуір, 2019 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде қасиетті рамазан айына байланысты өткен баспасөз мəслихатында Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Биылғы Рамазан айында Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мұқтаждың мұңын бөліс!», «Мейірімділік мекені», «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық акциялары үлкен көлемде ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, ораза айт мерекесіне орай «Айттық бізден болсын!» қайырымдылық шарасы өткізіледі. Алла қаласа, қасиетті рамазан айының әр күні 2000-нан астам жамағат Елорда мешіттерінен ауыз ашатын болады.
Қала әкімшілігінің қолдауы арқасында тарауих намаздарынан соң тегін қатынайтын автобустар да биылғы жылы жамағаттың алғысына бөленетін болады», – деп атап өтті Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары