Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: «Берекелі Рамазан» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті
02 мамыр, 2019 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

Апта басында баспасөз мәслихаты облыстық «Ертіс Медиа» орталығында өтті. Мәслихатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы өңірлік қазақ және орыс тілді радио, газет, телеарналар тілшілері мен өзге де БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

«Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы Фисенков атындағы технологиялар мен ғарыштан зерттеу Ұлттық орталығынан жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми ақпарат сұратты, - деді өкіл имам. – Шариғат нормаларына сүйене отырып, 6 мамыр күні Рамазан айының алғашқы күні деп жариялау туралы шешім қабылданды. 

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері ҚМДБ-ның Төралқа мүшелерінің шешімі бойынша 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны тек ақшамен ғана емес, бидай, құрма, мейіз, арпа құнымен де беруге болады. Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Яғни, жарты сағ - 1 келі, 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі, 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.  Пітір садақаны беру мерзімі – Рамазан айы басталғаннан Ораза айт намазына дейін болады.

Рамазан айы мамырдың 06-нен 04 маусымға дейін жалғасады. Қадір түні  мамырдың 31-нен маусымның 01-не  қараған түні. Ораза айт 05 маусымда басталады. Ал 5 маусымда сағат 7:00-де Павлодар облысының барлық мешіттерінде Айт намазы басталады.

Сонымен қатар, өкіл имам кәсіпкерлерге Рамазан айына азық-түлік пен тауар бағасын көтермеу туралы өтінішін жеткізді. Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт пен қалалық «Ақмешіт» мешітінде осы айдың ішінде демеушілер есебінен «Қайырымдылық ауызашары» ұйымдастырылады. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін орталық мешіттен павлодарлықтарды тарауық намазынан кейін Химқалашығы, Саяжай, Усолка және екінші Павлодар шағын аудандарына дейін төрт автобус тасымалдайды. Автобустар төрт бағыт бойынша ұйымдастырылады. Жол жүру құны - 80 теңге. Жеңілдіктер өзгеріссіз қалады. Орталық мешіттен көлік жөнелту уақыты: сағат 00.30-да.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары