Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған: "Рамазан" марафоны жалғасуда
02 мамыр, 2019 жыл 27 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Оразада дұрыс тамақтану және ғайбаттан тиылу" тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Семинарды Талдықорған орталық "Иман" мешітінің ұстазы Мүтебаева Сабира және "Еркін" мешітінің ұстазы, сертификатталған диетолог Идрисова Нүргүл жүргізді.
Семинарда Рамазан айындағы оразада тамақтану әдебі, жалпы, тағамның ораза ұстаушыға әсері, оразаның адам организміне пайдасы, оразаның жеңіл өтуі, қандай тамақ түрлерін таңдаған дұрыс деген сияқты мәселелер қозғалды.

Ораза тек ішіп-жеуді тоқтатумен ғана емес, оразада тілге де тоқтам салудың маңыздылығы  кеңінен айтылып өтті.
Семинар соңында Рамазан айының құрметіне тренинг қатысушыларына сыйлықтар таратылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары