Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбеде «Діни рәсім» мобильді қосымшасы іске қосылды
03 мамыр, 2019 жыл 36 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Рамазан айына орай өткен брифингте облыстық БАҚ өкілдеріне «Діни рәсім» мобильді қосымшасы таныстырылды.

«Мешіт – имандылық үйі. Ақтөбе қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған «Нұр Ғасыр» мешіті 10 жылдан астам уақыттан бері осы бағытта қалтықсыз қызмет етіп келеді. Сонымен қатар орталық мешіт ретінде облыстағы мешіттердегі діни қызметтің сапалы болуын және имамдардың бұхара халыққа жақын болуын қадағалап келеді»,- деді өкіл имам Т. Оспан.

«Нұр Ғасыр» мешітінің «nurgasyr.kz» атты ресми сайты мен әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Бұдан өзге, облыстағы 30-ға жуық имам бірнеше жылдан бері әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашқан. Сондай-ақ, мешіттің Ютубтағы каналында 11 мыңнан астам оқырман тіркеліп, видео уағыздарды 1,5 миллионға жуық адам қараған. Бұл – жамағаттың діни сұрақтарына жауап беруге және теріс ағымның алдын алуға бағытталған ауқымды іс-шаралардың бірі деуге болады.

«Осы орайда, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жаңа технологияның мүмкіндігін пайдалана отырып, арнайы ақтөбелік жұртшылық үшін тұңғыш рет «Діни рәсім» атты мобильді қосымшаны әзірлеп ұсынды. Мобильді қосымшаның мақсаты – облыс көлеміндегі діни рәсімдердің атқарылуын бір ізге түсіру. Халық жаназа шығару, неке қию, балаға ат қою сынды, т.б. діни рәсімді атқару кезінде мешіттердегі ресми имамдардың қызметіне жүгінуін қамтамасыз ету», - деді Төлеби Дәділұлы.

«Діни рәсім» атты мобильді қосымша мәзірінде:

– Жұртшылық облыстың бас имандылық үйі – «Нұр Ғасыр» мешітінің тарихымен таныса алады;

– Ақтөбе облысындағы мешіттердің мекен-жайы мен жергілікті имамдардың тізімі берілген. Облыс тұрғындары өздеріне жақын мешіттің имамына хабарласып, діни қызметке жүгіне алады;

–Жаназа рәсімінің анықтамасы бар. Бұл тарауға кісі қайтыс болғаннан бастап, жерлегенге дейінгі атқарылатын діни рәсімдердің орындалу тәртібі енгізілген. Бұл мәліметтер діни басқарма дайындаған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты пәтуа кітабынан алынған;

– ҚМДБ әзірлеген 2019 жылға арналған мұсылман күнтізбесі;

– Садақа мәзірі. Ақтөбе облысында 2017 жылы «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты конференцияның делегаттары қабылдаған Үндеу мен облысқа ортақ бекітілген садақа мәзірі енгізіліп отыр;

– Сондай-ақ, бағдарлама мәзірінде жамағатты толғандырған тақырыптар бойынша видеоуағыздар топтамасы бар. Көпшілік асыл дінімізге қатысты мағлұмат алып, көкейдегі сауалына жауап табады.

– «Нұр Ғасыр» мешітінің «nurgasyr.kz» атты ресми сайтының сілтемесі берілген.

Жоба авторы: Оспан Төлеби Дәділұлы – ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы.

Дайындаған: Бұқатаев Руслан Маратұлы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің магистранты. «Нұр Ғасыр» мешітінің web-дизайнері.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары