Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: Алтынбек Ұтысханұлы университет жастарымен кездесті
04 мамыр, 2019 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Мұнайлы өлкеге жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Мәртебелі мейманды мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров бастап барды.

Жастар жылына орай өткен кездесуде ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы ата-ананы сыйлау, қоғамнан бөлінбей өмір сүру, туыстық қатынастарды жақсарту тақырыптарына кеңінен тоқталды.  

«Алланың разылығы - ата-ананың разылығында, ал Алланың ашуы ата-ананың ашуында. Ата-аналарымыз бізге өте көп жақсылықтар жасады. Олар бізді дүниеге әкеліп қана қоймай, ең нашар, күйсіз күндерінде қаншалық мехнат, машақаттарға төзіп, шынайы жүректен жақсы көріп, бауырына басып «табаныңа кірген шөгір маңдайымызға кірсін» деп, қиыншылықтарымызды көтерді. Ата-ананың жақсылығына ешбір жанның жақсылығы тең келмейді. Сол үшін ата-ана ризалығы Алла ризалығымен, ал олардың ашуы Алланың ашуымен қатар қойылған»,- деп атап өтті ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары