Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі алғашқы тарауих намазына қатысты (ФОТО)
06 мамыр, 2019 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

Мамыр айының бүгінгі мамыражай кешінде есігімізден қасиетті Рамазан айы еніп, Ұлы дала төсіндегі құлшылық ордалары тарауих намаздарымен әсемдене түсті. Ымырт үйірілісімен-ақ мешіт ішін лық толтырған жамағаттың көптігі – халқымыздың қасиетті Рамазанға деген сағыныштарының айқын белгісіндей болды. Тарауих намазына қатысып, Рамазан айындағы алғашқы сауапты амалды атқаруға тырысқандардың көптігі сонша – көптеген мешіттердің ауласы да сап түзеген мұсылмандарға толып, ашық аспан астында құлшылықтарын өтеді.

Жамағаттың осындай ыстық ықыласы мен ынтасы Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде айрықша байқалды. Құптан намазының азаны шақырылмай жатып мешіт іші иін тірескен жамағатқа лық толып, бір-бірін Рамазанның басталуымен құттықтаған тілектер тиегі ағытылды. Бас мешіт жамағатымен Рамазан айын қарсы алуға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы да келіп, мүбәрак кештің маңызын арттыра түсті. Тарауих намазы алдында Бас мүфти жамағатқа тағылымды уағыз айтып, Рамазан айының қадір-қасиеті жайында мағлұмат беріп өтті.

Сондай-ақ, Бас мүфти қасиетті Рамазан айы бойы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран кәрімді хатым етіп, тарауих намаздарында имамдыққа шығатын қариларды таныстырып өтті. Биылғы жылы еліміздің Бас мешітінде тарауих намаздарын «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Өсерханұлы, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре және жас қари Мұртаза Ертайұлы өткізетін болады.

Айта кетейік, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы Рамазан айында Елордамыздағы 10 мешітте айтылатын тарауих уағыздары бірізділікке келтіріліп, барлық құлшылық ордасында күнделікті намаз алдында Құран сүрелерінің тәпсірлері баяндалып отырады.

Сондай-ақ, биылғы жылы да тарауих намаздарынан соң жамағатты тасымалдау үшін Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен Елордамыздағы 5 мешітке тегін автобус бөлініп отыр. Автобустардың қандай бағытпен жүретінін мына сілтемеден толығырақ біле аласыздар!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары