Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Исламтанушылар нағыз «Smart Student» екенін дәлелдеді
06 мамыр, 2019 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак университетінде бұрын-соңды болмаған «Smart Student» мегаойыны нағыз интеллектуал, эмоциялық деңгейі дамыған, кез келген жағдайдан тез жол тауып кететін ұшқыр ойлы студенттер тобын саралады. Университет бойынша төрт кафедра, яғни «Исламтану», «Дінтану», «Шет тілдері» және «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедраларының студенттері өзара бақ сынады.

Ойын шарты да өте қызық, аламан сайысқа қатысушылар еш дайындықсыз қатысады, қандай шарттар, талаптар екенінен де бейхабар. Логикалық сұрақтар, уақытты тиімді пайдалану,  жауап беруде жылдам әрі нақтылық, «ФОРСАЖ» эмоциялық интеллекті дамыту ойыны, «ЛЕГО-геймофикациялық ойыны», жаңа креативті ұсыныстар жарысы секілді 5 бөлімнен тұрды. Бір бөлімде студенттердің шапшаңдығы, сынға түскенімен, барлығында нақты жауап негізге алынды.

5 студенттен құралған 4 команда да шалымдылық танытқанымен, исламтанушылар тобы нақтылық пен салмақтылығы, білімі жағынан басым түсіп отырды. Сондықтан қазылар алқасының да шешімінде де әділдік анық байқалып тұрды. Нәтижесінде, ең жоғарғы балмен «исламтану» кафедрасының тобы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға кураторларымен бірге Ташкент, Бұқара, Самарқанд қалаларына саяхат сертификатын табыс етіп тұрып проректор, доцент Қайрат Құрманбаев: «Исламтанушы студенттерді жеңіске жеткізген – олардың жеңіске деген нық сенімі»,- деп өз пікірін білдірді.

2-орын Алтай, Тарбағатайға саяхат дінтанушы студенттерге бұйырды, ал Түркістан өңіріне саяхат үшінші орынды місе тұтқан Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының  кіл арулардан құралған «Эрудит» тобына бұйырды. Ал шет тілдер кафедрасының «Филадельфия» тобы ару қала Алматының әсемдігімен таныспақ. Алтай, Тарбағатай, Алматыға саясатты университет қаржыландырады.

Ал Өзбекстан мен Түркістанға жасалатын саяхатты бас демеуші «Dostyk Travel Company» ұсынатынын айтқан компания басшысы Абдусамат Арипов ұсынып отыр. Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев Абдусамат мырзаға алғысын айта отырып, болашақта бұл әріптестіктің жалғасатынына сенім білдірді. Университеттің маркетолог маманы Мәжит Жүнісбеков барлық ғылымнан, жаңалықтардан хабары бар, бірнеше тіл меңгерген, интеллектуалдық, эмоциялық деңгейі дамыған, ХХІ ғасырдың заман талабына сай, исламды меңгерген, өзінен тұлға қалыптастыратын сауатты да салауатты студенттер қатарын арттыратын мұндай мегаойындарды дамыта түсетінін айтты. Бұл шара қатысушыларды ғана емес, көрермендерді де сергітетіндіктен мұндай ойындар болашақта университетаралық деңгейде ұйымдастыру жағы да айтылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары