Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Рамазан орталығы» ашылды
07 мамыр, 2019 жыл 24 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Нұр-Cұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа қасиетті Рамазан айына қатысты ақпарат таратып, артықшылығы мен қадір-қасиетін жете түсіндіру мақсатында «Рамазан орталығы» өз жұмысын бастады. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған орталық жұмысы жамағаттың ризашылығын тудырып, насихат жұмыстарын жандандыра түсті.

Жамағаттың оразаға оң ниетін оятып, ықыласын арттыра түсу мақсатында іске қосылған «Рамазан орталығында» оразаның қағидалары мен ережелерін түсіндіретін түрлі бүктемелер мен ақпараттық парақшалар, намаз және ораза кестелері таратылатын болмақ. Сондай-ақ, жамағат сұрақтарына қазақ және орыс тілдерінде жауап беретін арнайы қызметкерлер бекітіліп, Рамазан айының алғашқы он күні бойы жұмыс жасайтын болады.

Айта кетейік, бұдан бөлек Рамазан айы бойы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Call Орталық қызметкерлері оразаға қатысты барлық сауалдарға жауап беретін болады: 8 (7172) 33 30 30.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары