Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университетінде «Сөз асылы – хадис» атты бәйге ұйымдастырылды
08 мамыр, 2019 жыл 160 Басып шығару нұсқасы

Әз Пайғамбар Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұрасы, ислам дінінің екінші қайнар көзі хадистерді жаттату мақсатында, 1-3 курс студенттері арасында «Сөз асылы – хадис» атты бәйге ұйымдастырылды. Жарыс университет оқытушысы, PhD Асқар Әкімхановтың «100 хадис» кітабы бойынша жүргізілді.

Жалпы қатысуға 30 студент өтініш білдіріп, олардың арасында 18 күндік хадис жаттау марафоны өткізілді. Күнделікті хадис тапсырған 15 үміткер марафон соңына дейін жетіп, олардың арасынан 9 жүйрік ақтық сынға жолдама алды.

Шарт бойынша қатысушы ең кемі 30 хадисті жатқа біліп қана қоймай, олардың қазақша мағынасы мен соған сай мақал білу қажет. Үш айналымнан тұратын бәйгенің алғашқысы ұпай саны белгіленген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру арқылы, ең аз ұпай жинаған үш қатысушы ойыннан шықты. Екінші айналымда өзара хадистерді жатқа айтып, жалғастыру болды. Ал соңғы мәреде  үміткерлер хадисті араб тілінде жатқа жазуы тиіс. Ең көп әрі қатесіз хадис жазған шәкірт жеңіс тұғырына көтерілді.

Нәтижеде:

1-орын: Асылбек Айдын;

2-орын: Нуров Нурмухаммад;

3-орын: Мизанбай Абдолсабыр ,-деп таныды.

Жеңімпаздарға проректор, доцент Қайрат Құрманбаев арнайы марапаттау жасап, қаржылай сыйақы табыс етті. 

"Сөз асылы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисін жатқа айтып, мағынасына терең бойлау арқылы студенттер білімдерін шыңдап, дүниетанымын кеңейтері сөзсіз. Сондықтан бұл сайыс шәкірттер арасында ерекше серпіліс берді",- дейді Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Жалғас Сандыбаев пен Исламтану кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Анарбаев мырзалар. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары