Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ БРИФИНГТЕ (ФОТО)
08 мамыр, 2019 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мен Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов рамазан айының басталуына орай және қажылық сапарының ұйымдастыру іс-шараларына байланасты Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазмедиа» орталығында өткен тікелей эфирдегі брифингке қатысты.

Спикерлер рамазан айы, қажылық сапары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық іс-шаралары туралы баяндады. Сонымен қатар, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ораза кезінде денсаулықты күту жолдары мен дұрыс тамақтану әдістері жайлы айтып өтті.

Брифинг Хабар 24 арнасынан (тікелей эфир) көрсетті.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары