Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ОҚО: «Діни қызметкерлердің міндеттемелері мен біліктілікке қойылатын талаптар» атты семинары өтті (ФОТО)
16 ақпан, 2018 жыл 248 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің мәжіліс залында қала, аудан бас имамдарының қатысуымен «Діни қызметкерлердің міндеттемелері мен біліктілікке қойылатын талаптар» атты облыстық семинары болып өтті.

Семинар жұымысын ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ашып, жүргізіп отырды.  Семинар барысында  облыс имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді мен Шымкент медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың және  облыстық «Зекет» қорының әлеуметтік істер бойынша көмекшісі Қалиолла Маджановтың баяндамалары тыңдалды.

Өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы баяндамашылардың келтірген дәлел-дәйектеріне орай, бірқатар мәселелер көтерді. Оның ішінде, Діни басқармаға қарасты діни оқу орындарына талапкер шәкірттер дайындау үшін дайындық курстары мен насихат жұмыстарын қолға алуды, зекет және садақа мәселелерін реттеу, насихат жұмыстарын кешенді түрде қолға алу, түрлі кереғар ағымдардың алдын алу және жеке кездесу жұмыстарын күшейтіп, нәтижелі жұмыстар көрсету туралы пысықтады.

Сондай-ақ, өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы діни кадрларды жедел дайындау үшін ең алдымен өңірдегі қала, аудандық мешіт жанынан Құран жаттау орталықтары мен діни сауат ашу курстарын заң аясында ашу туралы тапсырамалар берді.

 

 

          

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары