Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Сұлтан: 581 шәкірт жылдық курсты тәмамдады
11 мамыр, 2019 жыл 28 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітінде жыл бойы білім алған шәкірттердің ішінен «Муғәлим сәниді» тамамдаған тәлім алушыларға сертификат берілді. Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген салтанатты шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, І наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, шәкірттерге өз қолынан сертификат табыстап, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.

«ҚМДБ-ның басымдылық берген төрт бағытының бірі – діни сауат ашу курсының жұмыстары. Яғни, ел аумағында әрбір мешіттің жанында сауат ашуға арналған тегін курстар бар. Мұндағы мақсат – халықты сауаттандыру, экстремизм-терроризмнің алдын алу, жат ағым, жат идеялогияға қарсы халқымыздың имани иммунитетін қалыптастыру», - дей келіп,  шәкірттер мен ұстаздардың алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Қыркүйек айынан бастап мамырдың соңына дейін жүргізілетін оқу бағдарламасы аясында олар Құран әліппесін меңгеріп, ақида, фиқһ, құлшылық, «Таным тұғыры», «Мұсылмандық шарты» пәндері бойынша қосымша білім алып шықты. Бұл жайында жиналған көпшілікке «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов мешіт жанындағы сауат ашу курсы жайында айтып өтті: «Биылғы жылы мешітімізде Діни сауат ашу курсынан 321 ер адам тұрақты түрде тәлім алып жатыр. Соның 200-і «Муғалим сәниді» бітіріп, Құранға түсуіне орай бүгін сертификат алып отыр. Әйел-қыздар секторында 260 шәкірт тәлім алып, олардың 100-і Құранға түсті. Жалпы 581 шәкірт діни сауатын ашу курсына қатысты».

Бұдан бөлек оқу жылы бойы олардың білімдерін арттыра түсу мақсатында арнайы уағыздар ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ, шәкірттер арасындағы бірлікті бекемдеп, бауырластықты күшейту мақсатында Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша бірнеше мәрте спорттық сайыстар, Құран жарыстары, білім олимпиадалары өткізілген болатын.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары