Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наиб мүфти ардагер ақсақалды Жеңіс мерекесімен құттықтады (ФОТО+ВИДЕО)
09 мамыр, 2019 жыл 34 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі таңымыздың бейбіт атып, артында қалған ұрпақтың азаттығы жолында қасықтай қандары қалғанша күресіп, шыбын жандарын да құрбандыққа шалған жаужүрек аталарымыздың ерлігі мен бірлігі арқасында келген Жеңіс мерекесі бүгін Нұр-Сұлтан қаласында айрықша аталып өтті. Шаһар көшелерімен «Жаужүрек полк» шеруі жүріп өтіп, мыңдаған жан батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасап, құрмет танытты.

Ел басына күн туып, ерлер етігімен от кешкен кешегі қан майданнан аман қайтқан ардагер ақсақалдарымызға бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі атынан да айрықша сый-құрмет жасалды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы негізінде бүгін Елорда имамдары барлық ардагер ақсақалдарды зиярат етіп қайтты.

Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған топ бүгінде 94-ке келген Бакишев Тұқпат атамыздың үйіне барып, Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты. Майдангер қарттың отбасына гүл шоқтарын сыйлап, сый-сыяпаттарын тарту еткен мешіт қызметкерлеріне атамыз алғысын жанарымен білдіріп, әлсіз ғана қолымен қысып қойды. 16 жасында төлқұжатында туған жылын өзгертіп, өз еркімен соғысқан аттанған Тұқпат атамызды кәрілік меңдеп, кейінгі кезде сырқаты асқынып кеткені байқалады. Бірнеше күннен төсек тартып жатып қалған батыр атамызды сырқат меңдеп, басын көтеруге де қауқары қалмағандай.

Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ақсақалды бүгінгі Жеңіс мерекесімен, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, атамыздың деніне саулық тілеп, арнайы дұға жасады.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары