Алматы орталық мешіті еліміздегі тарихи мешіттердің бірі. Осынау мешітте еліміздің әр тарапында жамағат ықыласына ие болған көптеген имамдар қызмет етіп өткен. Қазіргі таңда көпшілікке белгілі, 7 қирағаттың иегері, Еркінбек қари Шохаев осы мешітке бас имамдық етуде. Аталмыш тарихи мешіттің күн тәртібіндегі жоспары бойынша мешіттің бірінші наиб имамы Дулатбаев Жорабай қажы қасиетті Жұма намазынан бұрын мамандарды жамағатқа таныстырды.
Жорабай қажы өз сөзінде: «Алматы қаласы бойынша Жастар ісі жөніндегі өкіл қызметін атқарып келген Есім Ержан Базарбекұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен ҚМДБ Дін істері бөлімінің маманы қызметіне тағайындалды. Оның орнына Наурызбай ауданына қарасты «Қарағайлы» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Ермек Көкірекбаев Алматы орталық мешітінің наиб имамы қызметіне бекітілді.»,-деді.
Ержан Базарбекұлы 2010-2013 жылдары «Астана» медресе колледжін қызыл дипломмен бітірген.
2013-2014 жылдары Орал орталық мешітінде ұстаздық, 2014-2015 жылдары Орал медресесінің Директор орынбасары қызметін атқарған.
2015 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Жастар ісі жөніндегі өкілі жене Алматы орталық мешітінің ұстазы қызметінмен қатар, 2017 жылдан бастап Жат ағымның алдын алу жұмысының жетекшілігін бірге атқарып келеді.
Есім Ержан Алматы орталық мешітіне қызметке тағайындалғалы төмендегі елеулі еңбектерін сіңірді:
- Алматы орталық мешітінде 130 адамнан құралған «Бірлік» қайырымдылық тобын құрды. Қайырымдылық топ мұқтаж жандардың өтініш тастауы бойынша емес, оларды ерікті түрде өздері іздестіріп, мұқтаждықтарын қамтамасыз етумен айналысуда.
- Алматы қаласы жастар ісі бөліміне қарасты «Бірлік» футбол клубын құрды. Қазіргі таңда аталмыш клуб «FC Almaty» лигасында нәтижелі өнер көрсетуде.
- 300-ден астам студенттер шоғырланған «Сәлем» еріктілер тобының құрылуына ықпал жасады. Еріктілер жетімдер үйлері мен қарттар үйлеріндегі жерлестеріміздің көңілін аулап, оларға аптаның демалыс күндері тегін қызмет көрсетіп, балаларға түрлі спорттық т.б. үйірмелер ұйымдастырады. Сонымен қатар жастар арасындағы Радикалды діни ағымдардың таралмауына үлкен септігін тигізеді.
- Жат ағымға қарсы жұмыс барысында 120 дан астам бауырларымыздың дәстүрлі жолға түсуіне жетекшілік етті.
- 2016 жылы Жастар ісі жұмысын жандандыруға сіңірген еңбегі үшін Бас мүфти «Алғыс хатына» ие болды.
Пікірлер