Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ «С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО, ВИДЕО)
18 ақпан, 2018 жыл 201 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

Жұма намазына жиналған жамағатқа Бас мүфти «Уәдеде тұру – мұсылманның сипаты» атты тақырыпта тағылымы мол уағыз-насихат айтты.

«Мұсылман үшін асыл қасиет, Пайғамбарымыз (с.а.у.) көркем мінезінен болған, имандылықтықтың нышаны уәдеге берік болу, қазіргі замандағы адамдардың бойынан табылуы қиын асыл қасиеттердің бірі. Адамның уәдесінде тұруы, жасалған келісімдерге адал болуы және жеке әрі қоғамдық өмірдің негізгі тіректерінің бірі болып табылады. Қоғамның тыныштығы – әрбір қоғам мүшесінің сенімді болуына; берген сөзінде тұруына; және жасаған келісімдеріне адал болуына байланысты.  Ілгеріде бабаларымыз екі сөйлегенді, уәдесінде тұрмағанды қатты сынға алып, өлімнен бетер қорлық санаған. Қазақ халқы үшін қашанда өлімнен ұят күшті болған. Уәдеге, сөз беруге қатысты ер азаматтың намысын жігерлендіретін нақыл сөздер әлі күнге дейін өз маңызын жоймады», – деген Бас мүфти жамағатқа аталмыш тақырыпты аят-хадиспен кеңінен түсіндіре келе, жан-жақты талқылап өтті.

«Серт бұзғанның, біл, орны – шоқ» деген хакім Абайдың асыл сөзі жамағат санасында тағы бір жаңғырып, мүфтиміздің тағылымды уағызынан  мол рухани-азық алып қайтты.

 

 

"Уәдеде тұру мұсылмандық сипат" | жұма уағызы 
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары