Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ «ЖУСАН-2» ОПЕРАЦИЯСЫ БОЙЫНША СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО)
17 мамыр, 2019 жыл 35 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Жусан-2» операциясына қатысты «Хабар 24» арнасына сұхбат берді.

Белгілі тележурналист Зейін Әліпбек жүргізген бағдарламада Бас мүфти:

«Қазақстан өз азаматтарының әлемнің қай қиырында жүргеніне қарамастан олардың тағдырына қашан да алаңдайды. «Жусан» операциясының жалғасы бойынша жүзеге асқан бұл гуманитарлық шара соның айқын көрінісі. Лаңкестік ұйымдардан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан моралдық, материалдық тұрғыдан жан-жақты көмек көрсетілуде. Қоғамға бейімдеу жұмыстарының нәтижесінде олар қызметке орналасып, ағайын-туыстарымен қауышты, ал балалары бала-бақшаға баруда. Өкпеге қисақ та, өлімге қимайтын халықпыз ғой», – деп атап өтті.

Бағдарлама бүгін, 2019 жылдың 17 мамырында сағат 21:30-да «Хабар 24» арнасынан көрсетіледі.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары