Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: Бас имам имамдарға қызметтік үйдің кілтін табыс етті (+ФОТО +ВИДЕО)
17 мамыр, 2019 жыл 33 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Атырауда имамдарға қызметтік үй тапсырылды. Баспана кілтін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров имамдарға жамағат алдында салтанатты жағдайда табыс етті.

Екі бірдей үй осылайша Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің игілігіне беріліп отыр. Сауапты іске аталмыш мешіттің жамағаты қаржы жинап, тікелей атсалысты. Сонымен бірге, шалғайда жүрген атыраулық азаматтардың да зор үлесі болды. 

Көлемі 60 шаршы метр болатын қос үйдің әрқайсы үш бөлмеден тұрады. Заманауи үлгіде тұрғызылған үйде тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Қызметтік үйде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы және аталмыш мешіттің наиб имамы тұратын болады.

«Бұған дейін имамдардың жағдайы күрделі болып келген еді. Көп жағдайда имамдар пәтер жалдап жүретін. Енді міне, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітіміздің балансына екі бірдей баспана беріліп отыр»,- деген бас имам Батыржан Мансұров мешіт жамағатына алғысын жеткізді.

Атап өтер жайт, өткен жылы Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров Құрманғазы ауданындағы орталық Темірәлі мешітінің балансына демеушілер тарапынан берілген үйдің кілтін салтанатты жағдайда тапсырған болатын.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары