Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған: Мың жарымнан аса адамға ауызашар берілді
20 мамыр, 2019 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде мың жарымнан аса адамға арналған «Рамазан — Раббымыздың сыйы» атты ауызашар дастарқаны жайылды. Ауызашарға Алматы облысы мен Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық мешіттердің жамағаты қатысты.

Ауызашар дастарханында ақ батасын Талдықорған қаласының қадірменді ақсақалы, белгілі актер, «Тақиялы періште» атанып кеткен Әлімғазы Райымбеков берді. Одан кейін Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов сөз алды. «Нұр-Мүбәрак» университетінің аға оқытушысы Жасұлан Жүсіпбеков Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Рухани дастархан басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Оразбаев та он екі айдың сұлтаны — Рамазан турасында сөз сөйлеп, ниеттес ағайынға ізгі тілегін білдірді.

«Жетпіс жыл ашық аспан астында ауызашар бермек түгілі «Құдай» сөзін айта алмайтын едік. Аллаға сансыз шүкір»,- деген ақ дастарханда отырған жұртшылық бір-біріне бауырмалдық танытып, игі іске мұрындық болған азаматтарға алғыс жаудырды.

Ауызашар соңынан жиналған жамағат «Рамазан айындағы рух тәрбиесі» тақырыбындағы дәріске қатысып, асыл дініміз туралы ғылыми дәлелдер мен нақты мысалдарға қанықты.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары