Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» атты марафон басталды (ФОТО+ВИДЕО)
22 мамыр, 2019 жыл 196 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафон аясында 30 отбасы 30 отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. Қасиетті Рамазан айына орай, «Нұр Астана» мешіті қоғамның жүгін жеңілдетіп, азаматтар арасындағы береке-бірлікті арттыруды ойлаған мешіт ұжымы «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылық марафон бастаған болатын. Бүгін, ұрпаққа үлгі көрсетіп, әрбір отбасына жылу мен мейірімділік жеткізу мақсатында қолға алынған осы бір игі жобаның бастамасы болды.

Шараға қатысуға ниеттенген 30 отбасының мүшелері мешітке жиналып, мешіт қызметкерлерімен бірге жамағаттың көзінше мұқтаж 30 отбасына азық-түлік үлестіріп, өз көмектерін көрсетті. Іш-шараға қатысқан «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов мешіттен бастау алған қайырымдылық шарасы туралы айтып берді.  

«Бұл шара – біздің аталарымыздан келе жатқан салтымыздың заңды жалғасы. Халқымызда әлі күнге сақталған «жылу жинау», «асар» сияқты көмек көрсетуге бағытталған дәстүрлеріміздің үлгісінде жасалып отыр. Сондықтан да, отбасылық қайырымдылық шарасын бастау арқылы ауқатты адамдар мен көмекке мұқтаж кісілердің арасын жақындату болса, отбасы мүшелерін толық қатыстыру арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсету», - деді Асқар Әбітайұлы. Марафонға бас имам өзі бас болып атсалысты. Шараға атсалысқан отбасылар ішінде келесі отбасына үнемі қарайласып, қамқорлық жасап тұруға ниетті азаматтар да табылып жатты. 

Естеріңізге сала кетейік, Елордада орналасқан «Нұр Астана» мешіті «Қайырымды шаңырақ» атты отбасылар арасындағы марафон жариялаған болатын. Ауқымды қайырымдылық шарасы Рамазан айы бойы өз жалғасын табады деп күтілуде.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары