Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Рамазан айында "Зекет" қорының жұмысы еселенуде
22 мамыр, 2019 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Көптеген игі шараларды арттыруға күш жұмсап жатқан «Зекет» қоры республика бойынша түрлі бағытта қайырымдылық іс-шараларын атқарып келеді. Атап өтсек, Рамазан айының 17 күнінде орта есеппен 1000-нан артық отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Өңірлер бойынша мыңдаған адамдарға күнделікті ауызашар мен сәресі дастархандары жайылуда, тарауих намаздарынан соң арнайы тегін автобустар мен тегін такси қызметтері жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, көптеген азаматтар зекетін сауаптар еселеніп жазылатын дәл осы айда беруге тырысатыны баршамызға мәлім. Өңірлердегі кәсепкерлер Алла берген дәулеттерінің бір бөлігін, нақтырақ айтсақ 2,5 пайызын Зекет қорының мамандарына тапсырып, парыздарын орындап, құлшылықтарын толықтыруда. Осылайша, Ақтөбе қаласында 1 миллион теңге көлемінде зекет үлестірілген болса, Талдықорған өңірінде 5 миллион теңге мұқтаж жандарға зекет ретінде таратылды. Сонымен қатар, жылқы, қой, саудадағы тауарлар сияқты басқа да заттардан зекет жиналып, арнайы Зекет қоры арқылы шариғи жолмен үлестірілді.

Рамазан айында қуантарлық хабарлардың бірі – «Зекет» қорының бастамасымен жүргізіліп жатқан «Ел үлесі – пәтерге» атты жоба аясында 21-мамыр күні Талдықорған өңірінде 61-ші және 62-ші баспана мұқтаж екі отбасыға бұйырды. Дәл осы өңірдегі Зекет өкілідігі Рамазан басталғалы 6 баспана кілтін табыстаған болатын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тағдыр тауқыметін тартқан мұқтаж отбасылардың баспаналы болуларына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары