Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар көшелерінде билборд орнатылды
23 мамыр, 2019 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті Павлодар қаласы әкімдігі, ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры және Павлодардағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне спорт залын салу туралы жарнамаланған билбордтарды Павлодар қаласының Естай және Пахомов көшелерінің қиылысына  орналастырды.

Зекет туралы билбордта «Мал дүниеңізге Алла Тағала берекет берсін!» деп жазылып, зекетке қатысты сұрақтар болса, Қайырбаев-107 де орналасқан орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне хабарласуды ескертіп, «Зекет» қорының вебсайты және  байланыс нөмірлері көрсетілген.

Ал «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі туралы билбордта аталмыш мекеменің ғимараттары бейнеленіп: «Ұрпақтарымызды имандылыққа тәрбиелеп жатқан медресемізге көмек көрсетейік!»: «Болашақ спорт залдың осы жерге қадасы қағылды» деп жазылып байланыс нөмірлері,  мекен-жайы жазылған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары