Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тараз: Рамазан қайырымдылығы жалғасын табуда
24 мамыр, 2019 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті рамазан айы үздіксіз қайырымдылық іс-шараларымен тұрғындарды қуантуда.  Осындай кезекті жақсылық "Рамазаннан қайырымдылық" науқанының аясында жүзеге асты. Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде бір күнде 3 қайырымдылық науқаны өтті.

Өңірдегі әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, зағип 70 отбасыға азық-түлік таратылды. "Рамазаннан қайырымдылық" ұранын ұстанған сауапты іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысып, рамазан айы жайлы сүбелі сөз сөйлеп, жанұяларды қасиетті мерекемен құттықтады. 

Отбасыларға көмекті мешіттің наиб имамы Ержан Аманбаев пен мешіт ұстазы Жалғас Жұбатхан үлестіріп, шаңырақтарына береке тіледі.

Сонымен қатар азық-түлік алған 33 отбасыға 40 000, 30 000, 20 000, 10 000 теңгеден ақшалай көмек берілді.  

Айта кету керек, бұл игі шара жомарт кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен және мешіт қаржысынан жасалды. Шараға барлығы 940 000 теңге қаражат жұмсалды. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары