Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: РАНТ мүшесі Сыр елінде
25 мамыр, 2019 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен, қасиетті Рамазан айының құрметіне облыс орталықтарында республикамызға белгілі ғалымдар мен ұстаздарды жергілікті жамағатпен кездестіру шаралары өткізілуде.

Осыған орай, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, әл-Азһар университетінің түлегі Медет Құрсақов Қызылорда қаласына арнайы іс-сапармен келді.

Атап айтар болсақ, қасиетті жұма күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында жұма уағызын айтып, тарихпен ұштасқан тағылымы мол ғибратты мысалдарымен дәстүрлі дініміз - исламның мақсаты мен маңызын түсіндірді. Бұдан кейін, мешіт жамағатымен бірге жұма намазын оқып, дініміздің өркендеуі үшін және ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Сонымен қатар, ақшам намазынан соң, қалалық «Мүсірәлі Ата» мешітінде де жамағатпен кездесу өткізілуі жоспарлануда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары