Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылордада облыстық Құран жарысы өтті
27 мамыр, 2019 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінде  "Құран Кəрімді мәнерлеп және 30-шы парасын жатқа оқудан"   облыстық жарыс өтті.

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек  Ұласқанұлы  Құран жаттауға ықылас қойған ынталы қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі. Облыстық Құран байқауына аймақтағы мешіттерден келген 50-дан аса шəкірт қатысып, «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша бақ сынады.

Сонымен қатар, өкілдікке қарасты «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен бастау алған «Сыр жастары жарысады» Умра байқауының қорытынды кезеңі өткізілді. Сайысқа тіркелген 30-дан астам қатысушының ішінен І-кезең «Мен бұл ұтысқа не үшін лайықтымын?», ІІ-кезең «Қаражатсыз садақа» тақырыбында видеоролик түсіру шарттары бойынша іріктеліп шыққан 15 үміткер байқаудың қорытынды кезеңі - «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан» жарысты. Байқаудың басты жүлдесі - Кіші Қажылыққа тегін жолдама.

Аталмыш жарыстардың қорытындысы Қасиетті Қадір түнінде жарияланып, қазылар алқасының бағалау критерийлері бойынша «үздік» деп танылған жеңімпаздар барша жамағаттың алдында:
1. «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша: І-орын 70 000 тг; ІІ-орын 50 000 тг; ІІІ-орын 30 000тг;
2. «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша: І-орын 30 000 тг; ІІ-орын 20 000 тг; ІІІ-орын 15 000тг;
3. «Сыр Жастары жарысады» Умра байқауы бойынша: Кіші Қажылыққа жолдама сыйлықтарымен және қалған қатысушылар алғыс хатқа қосымша 3000 тг ынталандыру сыйақыларымен марапатталатын болады.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары