Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырауда ересектер арасында Құран жарысы өтті
28 мамыр, 2019 жыл 28 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Атыраудың бас мешітінде ересектер арасында Құран жарысы өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен өткен бәйгеде 12-35 жас аралығындағы үміткерлер өзара бақ сынасты. Қатысушыларға қойылған басты талап - тәжуид ережесін сақтай отырып, "Нәс" сүресінен "Нәба" сүресіне дейін сүрелерді жатқа оқу.

Барлығы 42 үміткер бақ сынаған байрақты бәсекеге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің бас  имамы Батыржан Мансұров, орталық мешіттің ұстазы Хусейн Кая, орталық "Иманғали" мешітінің  наиб имамдары Мұрат Мұстафаев, Мақсат Алпысбаев және ұстаз Ерболат Боханов қазылық етті.

Ерекше айта кетер жайт, бұл жолғы сайыс та өзіндік тамаша жаңалықтарға толы болды.  Мәселен, рухани бәсекеге небары тоғыз жастағы І. Осман атты бүлдіршін қатысып, күллі аудиторияны тәнті етті. Қасиетті Құранның төрт парасын жатқа оқыған І. Осман бас имамның 30 мың теңге көлеміндегі арнайы сыйлығына ие болды. Осындай арнайы сыйлықты бәсекенің он бір жасар қатысушысы Т. Дәулет пен Ә. Асхатұлы иеленді. 

Рухани сайыста бірінші орын Б. Тілепбергеновке бұйырды. Ол 500 мың теңге көлеміндегі Умра қажылығына жолдаманы иеленді. Екінші орынды Д. Сембаев иеленді. Оған 300 мың теңге көлеміндегі сыйақы тапсырылды. Үшінші орын және 150 мың теңге көлеміндегі сыйақы А. Ыбырашевқа бұйырды. 

Ш. Сейтеков, Қ. Сатыбалдин және Әл - Фараби Баймұхан ынталандыру сыйлығын өзара бөлісті. Олардың әрқайсына 50 мың теңгеден сыйақы тапсырылды.

"Қасиетті Рамазан айында осымен орталық "Иманғали" мешітінде екінші рет Құран жарысы өткізіліп отыр. Бұған дейін рухани сайыс бүлдіршіндер арасында өткен еді. Бұл бәсекеге де 9 және 11 жастағы балалар қатысып, ерекше көзге түсіп отыр. Құран неғұрлым көбірек оқылған сайын еліміздің берекесі де арта түседі",- деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары