Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: «Ынтымақ» мешітінде 250 отбасыға қайырымдылық жасалды
28 мамыр, 2019 жыл 21 Басып шығару нұсқасы

Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарасты «Ынтымақ» мешітінде, қолы ашық жомарт жандардың демеушілігімен 250 отбасыға тегін азық-түлік таратылды. Қайырымдылық шарасына арнайы ат басын бұрған Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Жорабай Дулатбаев Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқайдың сәлемін жеткізе отырып, қасиетті рамазан айымен құттықтады.

Сондай-ақ, қайырымдылық айында жасалып жатқан жақсылықтың сауабы мол екенін айтып, осынау игілікті іске мұрындық болған азаматтарға алғысын білдірді.

Одан кейін Түрксіб ауданының бас имамы Саттарқұл Сатиұлы сөз сөйледі. Ол да айтулы шараның маңызына тоқталып, жақсылығымыз бен ниетімізді Алла қабыл етсін деді. Игілікті іске мұрындық болғандар да өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізіп, Аллаға шүкірліктерін айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары