Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ: ЕЛОРДАДА ЕЛУ ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ (ФОТО)
29 мамыр, 2019 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен Елордадағы 50 отбасына қасиетті рамазан айының сыйлығы үлестірілді.

Жүрекке жылулық пен қуаныш сыйлаған шараға наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтар қатысты.

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: «Баршаңызды рамазан айымен құттықтаймын. Рамазан – бауырмашылдық, жақсылық айы. Біздің мақсатымыз – қасиетті айда әр отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлеу. Алла Тағала сіз бен біздің қуанышымызды арттырып, өзінің мейірім-шапағатына бөлегей», – деп атап өтті.

«Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың мәлімдеуінше, тұрғындарға берілген сыйлықтар ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті ауқымды түрлі азық-түліктер бар. Қажетті азық-түліктер дін қызметкерлерінің пітір садақасы есебінен алынды. Мұндай шара тұрақты түрде жүзеге аса бермек.

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары