Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық Ар-Рахман мешітінің бас имамы Айдос Муталиевтің ұйымдастыруымен ерлер арасында 30-шы парадан Құран жарысы өтті.
Сайысқа барлығы 20 үміткер қатысып, көпшілігі 7 мен 10 жас аралығындағы балалар болды. Осы орайды Ар-Рахман мешітінің бас имамы Айдос Муталиев жас балалардың дінге деген қызығушылығын ерекше атап өтті және рамазан айында Құранды оқып, оны жаттаудың үлкен сауапты амал екенін тілге тиек етіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әділқазы алқаларының шешімі бойынша орын алған жүлдегерлерді мараппаттау рәсімі Қадір түнінде болады.
Пікірлер