Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
СЫР ЕЛІНДЕ «БАБАЛАР МҰРАСЫ» САБАҒЫ БАСТАУ АЛАДЫ
20 ақпан, 2018 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» - деп атап өтті.

Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық рухына әсер етер ерекше серпін, ерекше леп бар екендігі ақиқат. Бұл мақалаға әр сала мамандары өздігінше үлес қосып, қазақ халқының ұлттық кодының сақталуына үлес қосуда. Осы орайда, Сыр елінің имамдары да жаңа бастаманы іске қоспақ.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Бабалар мұрасы» атты сабақтар желісі жүзеге асатын болады. Бұл арнайы өткізілген қала және аудан имамдарының қатысуымен өткен жиында белгілі болды. Аты айтып тұрғандай «Бабалар мұрасы» сан қилы тарихи кезеңдерді басынан өткерген қазақ халқының мол тарихын, мәдени мұрасын ұрпақ бойына сіңіріп, тарих беттеріндегі құнды деректерді таныстыру. Арнайы ұйымдастырылатын бұл сабақтар желісіне мешіт жамағаттары және қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алады. Сабақты аймағымызға белгілі тарихшы мамандар жүргізетін болады.

Сабақты жүргізудегі мақсат – Елбасы мақаласына қолдау білдіру, насихаттық шараларға үлес қосу, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы жұмыстарды ілгерілету, жамағаттың ой-ниетін бір арнаға тоғыстыру болып табылады. Аталмыш сабақтардың бір ұтымды тұсы – жат ағымдардың жетегінде кететін, өз тарихын, салт-дәстүрін, ата - баба құндылығына мән бермейтін жастардың сауаттылығын арттыру.

Бұл бастама облыстан бөлек, барлық аудандарда да жүзеге асатын болады.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары