Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодарда бата беруден сайыс өтті
31 мамыр, 2019 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті және облыстық Қажылар қауымастығының  бірлесіп Қазақстан қажылар қауымдастығының құрылғанына 15 жыл толуына орай «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» тақырыбында «БАТА БЕРУ» сайысын ұйымдастырды.  

Сайыс үлкендер және жастар арасына деген аталым бойынша жаңа туған сәбиге, оқу бітірген түлектерге және жаңа шаңырақ көтерген жас отауға бата берді. Сайысқа облысқа қарасты  қала, аудан мешіттері атынан барлығы 21 адам қатысты.

Арнайы қазылар алқасының қорытындысы бойынша үлкендерден бас жүлдені Ақсу мешітінің батагөйі Набиев Қанатбек қанжығасына байласа бірінші орынды қажылар қауымдастығы атынан қатысқан Амантай Тойшыбайұлы, екінші және үшінші орынды Әубәкіров Қайырзат (Баянауыл ауданы), Баязитов Қуат («Қасым қажы» мешіті) иеленді.

Ал жастар арасында өткен бата беру сайысында  Е. Әміренов  (Екібастұз) бас жүлде алса келесі жүлделі орындарды Р. Ибраев(Ертіс ауданы) және  Е. Құдайберген («Мәшһүр Жүсіп» мешіті), Т. Шындос (Тереңкөл ауданы) қанжығалады.

Сайыс соңында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы халықтың рухани тәрбиесіндегі батаның орны туралы әңгімелеп жүлдегерлерді алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сайысқа қатысушылар түгелдей сый-сияпаттарға ие болды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары